DEREK-INFO АЖ тұрғын үй-азаматтық құрылыс, ТКШ, мұнай-газ саласы, энергетика, жол құрылысы, ауыл шаруашылығы, экология, денсаулық сақтау және т.б. экономика салаларында құрылыс және жобалау саласын реттейтін, Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын нормативтік құжаттардың (ҚР кодекстері, ҚР заңдары, техникалық регламенттер, санитарлық ережелер, ҚР ҚБҚ, ҚР ҚН, ҚР ЕЖ, ҚР ҚНжЕ, ҚР Е, ВҚН және т.б.) ең ірі қорын қамтиды.
DEREK-INFO АЖ көпшілік пайдаланушыларға, соның ішінде инженерлерге, сәулетшілерге, сметашыларға, технологтарға, ақпараттық жұмыскерлерге, кәсіпорын басшыларына, мемлекеттік қызметкерлер мен жобалау және құрылыс процестеріне, құрылыс материалдарын өндіруге және экономиканың түрлі салаларында нысандарды пайдалануға қатысатын басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.