KAZGOR нормативтік құқықтық актілердің барлық талаптарына сәйкес келетін Жұмыстарды жүргізу журналдарын дайындайды және таратады. Оларға нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес барлық өзгерістер уақтылы енгізіліп отырады. Жұмыстарды жүргізу журналдары және актілер құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс алаңында қажетті атқару құжаттамасы болып табылады. Жұмыс жүргізу журналдарында қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сілтемелер көрсетілген, оларға сәйкес осы журналдар қолданылады.
Сонымен қатар филиал сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды таратады. Мемлекеттік нормативтік құжаттар жыл сайын шығарылатын Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесіне енгізілген.