Image
Біз туралы

Филиал жобалау жұмыстарымен және интерьер дизайнымен айналысады. Филиал қызметінің басқа түрлері: жедел сандық баспа, көшірме жасау, принтерде басып шығару, сканерлеу және баспадан кейінгі өңдеу қызметтері, сондай-ақ нормативтік құжаттарды, құрылыс журналдарын (қауіпсіздік техникасы бойынша журналдар, жұмыс жүргізу журналы және жұмыс түрлері бойынша басқа да журналдар) және құрылыс саласына арналған бағдарламалық өнімдерді (SANA, Derek-Info) тарату.

Сондықтан біздің негізгі клиенттеріміз – қолайлы бағамен және қысқа мерзімде сапалы қызмет алуға мүдделі құрылыс және жобалау компаниялары. Біздің мамандар сызбаларды сапалы түрде басып шығаруға арналған керекті инженерлік бағдарламаларды жоғары деңгейде меңгерген. Озық технологиялар жетістіктеріне сай жабдықталған көшірме жасау орталықтарымыз кез келген клиентке көшірме қызметтерінің түр-түрін жоғары деңгейде көрсете алады. Біздің серіктестеріміздің қатарында "BI Group", "Bazis-А", "Matte construction", "ВЛ" ЖШС, LRT бас мердігері "China Railway Asia-Europe Construction Investment Co. Ltd" және т. б. ірі компаниялар бар. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін, сапалы және жылдам қызмет ұсынуға мүмкіндік беретін заманауи орталықтарымыз қаланың екі жерінде орналасқан.

Бізбен жұмыс істеудің тиімділіктері:
Image
Қандай да күрделі деңгейдегі интерьер дизайны және жобалау бойынша қызметтердің толық кешені
Image
Барлық қызметтер бір жерде жасалады: басып шығарудан бастап одан кейінгі өңдеуге дейін, сонымен қатар құрылыс журналдары мен нормативтік құжаттар сатылады
Image
Тапсырыстарды қысқа мерзімде орындау
Image
Лицензияланған арнайы инженерлік бағдарламалардың болуы: AutoCAD, Revit, CorelDraw және т. б.
Image
Заманауи кеңселердің ыңғайлы орналасуы
Image
Бағалар 12% ҚҚС-н есепке алып көрсетілген
Image
Тапсырыстарды жеткізу.